Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ноябрь
2022

Мұхтар Шахановтың 80 жылдығы

Мұхтар Шаханов – 80 жылдығына орай кітапханамызда көрме ұйымдастырылды. Көрермендер 5-11 сынып оқушылары.
Мұхтар Шаханов - 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды.
Шығармалары: Бақыт. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Ай туып келеді. Балладалар мен өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Қырандар төбеге қонбайды. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1974; Сенім патшалығы. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жалын», 1979; Махаббатты қорғау. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жалын», 1982; Уақыт бедерлері. Балладалар, өлеңдер, поэмалар (орыс тілінде). А., «Жазушы», 1982; Зерде кітабы. Өлеңдер, балладалар, поэмалар (орыс тілінде). А., «Жалын», 1983; Өркениеттің адасуы. А., Жаңа қазақтар. Өлеңдер. А., «Білім», 2001.Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). Оңтүстік Қазақстан (1960-65), Лениншіл жас (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі (Сырдария) 1959 жылы жарияланды және т.б.