Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2022

"Мұқағали Мақатаевтың тұғанына - 90 жыл

Ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Сулейменұлы Мақатаевтың туған күні. Соған орай 2022 жылдың 3 ақпанында оқушылармен бірге М.Мақатаевтың өлең шумақтарын мәнерлеп оқыдық, өмір баянына тоқталдық, көптеген аудармалары мен шығармаларын еске түсірдік. 1931 жылы Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1948 жылы Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы ретінде бастайды. 1954-1962 жылдары Қарасаз бастауыш мектебінде орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосының дикторы, 1962-1963 жылдары қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде, 1963-1965 жылдары қазіргі «Парасат», 1965-1972 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1972-1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметін атқарған. 1973-1974 жылдары Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыған.