Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2022

Сұлтан Бейбарыс - 800 жылдығы

Мақсаты: Ата бабаларымыз сияқты еш бір қиыншылықтан қашпай, өзіне деген сенімін арттырып, жолда келетін әр сынақты жеңіп өту.
Қатысқан көрермендер 6- сынып оқушылары, көрнекілігі Сұлтан Бейбарыс жайлы бейне ролик пен көркем әдебиеттер.


Сұлтан Байбарыс (Бейбарыс, араб.‎ — әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс I әл-Бұндуқтари әс-Салих) — 1223—77 жылдары Мысырда билік құрған сұлтан. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен. Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды.Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. 

Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады.

Арабтың, «мамлюк» деген сөзінің көп мағынасының бірі – ақ құлдар. Ал осы мамлюктердің бір тобы қазіргі қазақ сахарасы мен Еділ, Жайық, Қара теңіз бойында монғол шапқыншыларымен болған қырғын соғыс кезінде тұтқынға алынған қыпшақтар болған.