Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2022

Батыр Мәншүк-100 жаста

Мәншүк Маметованың 100 жылдығына байланысты 5- сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара  жүргізілді.
Тақырыбы: «Батыр Мәншүк-100 жаста»
Мақсаты: Аты аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қызы Мәншүк Маметова жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету.
 
Мәншүк Маметова 1922 жылы Батыс Қазақстанның қазіргі Орда ауданында туылған. Мәншүктің (азан шақырып қойған есімі Мәнсия) ата-анасы Жеңсікәлі мен Тойлыша жоқшылықпен тіршілік кешіп жатқан жандар еді.
Қазақтың қайсар қызы Шығыстың жұлдызы атанған қаһарманның бірі – Мәншүк Маметованың майданға сұранып жазған өтініштерінің бірі. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21- нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, каһармандықпен қаза тапты. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель,Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар.Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Каһарман қыздың өмірі мен өшпес (ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» көркем фильм түсірілді.