Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2022

Алматы - менің сүйікті қалам

Алматы(1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы )) – Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының  баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында орналасқан. Археологиялық зерттеулер, Алматының орнында Алмалық, Алматы сауда мекеннің болғандығын дәлелдеген. 
1854 жылы ескі қаланың орнына верный бекінісі салынды
1867 жылы Верный қала мәртебесін алды
Верный 1921 жылдан Алматы деп аталды
Қазақстанда Кеңес одағы орнағаннан кейін, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата (1993 жылдан бастап Алматы) Қазақстан астанасы болды
1993 жылы Тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы аталған
1993 жылы ҚР-ның президенті Н.Ә Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.

Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. 
Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстан­ның ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Анкара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып са­лынған ғимараттар бой көтерді.