Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
август
2022

Ата-заңым - ардақты

30 тамыз күні кітапханамызда «Ата заңым-ардақты» атты Қазақстан Республикасының Конституциясына орай көрме ұйымдастырылды.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тару және 131 баптан тұрды. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
            Халықтық егемендік
            Мемлекет тәуелсіздігі
            Билікті бөлісу принципі
            Қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрды. Конституция мемлекеттік құрлыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметін негізгі боларлық принциптерін орнығтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрлыстың негіздерін айқындады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған 2-ші конституциясы, алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.