Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2022

9-11 сынып оқушылары мен мектеп педагог-психологтарына «Janym Talk» іс-шарасы

2022 жылдың 15-желтоқсан күні  Алматы қаласында «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» қолдауымен   «JANYM» ҚҰ     9-11 сынып оқушылары мен мектеп педагог-психологтарына  «Janym Talk» іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара жастардың ішкі әлеуетін ашуға және көмектесуге, сондай-ақ деструктивті және конфронтациялық ортаға бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған.                Осы іс-шараға лицей психологтары    А.Б.Турсынбекова мен Ә.Н.Полатбекова жетекшілігімен  9 «В» сыныбынан 27-оқушы қатысты.

  • «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті ағымдардың, қорқытудың, суицидтің алдын алу»;
  • қаржылық сауаттылық;
  • кәсіптік бағдар беру;
  • эмоционалды интеллект;
  • Қорқыныш /Ішкі үрей  / Сенімсіздік

Іс-шара барысында оқушыларға  осы бағыттарда түсіндірме жұмыстары мен жаттығулар жүргізілді. Жаттығуларға лицей оқушылары белсене қатысты.