Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дебаттық турнир "Ғаламтор кітаптың орнын баса алмайды"
16
сентябрь
2021
Дебаттық турнир "Ғаламтор кітаптың орнын баса алмайды"
Қыркүйек айының 16 күні Қазақстан Республикасы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Алматы қаласы орталықтандырылған Кітапхана жүйесі КММ қарасты А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық  кітапхананың ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырған, кітап-рухани қазына екендігін айғақтайтын "Ғаламтор кітаптың орнын баса алмайды" атты дебаттық турниріне қатысып жүлделі II орынды М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің "Болашақ үшін" фракциясы Орымбаева Томирис пен Рахымбай Сауле иеленді.
ХХІІ Республикалық "Абай оқулары" байқауы
16
сентябрь
2021
ХХІІ Республикалық "Абай оқулары" байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау мақсатында өткен ХХІІ Республикалық "Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңінде "Ұлылар әлемі" номинациясы бойынша Әшімжан Нұрайым ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және дарынды оқушылардан құралған командаға жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мунасаева Рая Нуровнаға алғыс хат берілді.
Семинар-тренинг "Болашаққа жол өзіңнен басталады"
13
сентябрь
2021
Семинар-тренинг "Болашаққа жол өзіңнен басталады"
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының және "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Болашаққа жол өзіңнен басталады" атты республикалық семинар-тренингке М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары белсенді қатысып, алғыс хат пен сертификат иегерлері атанды. Құттықтаймыз!!!
Үйірме жұмыстары
18
июнь
2021
Үйірме жұмыстары
Махатма Ганди атындағы №92 лицейде сыныптан тыс мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақытын  тиімді өткізу үшін робототехника үйірмесі жүргізілді. Техникалық шығармашылықты балалар үшін шынымен белсенді,  дамушы, заманауи және қызықты етіп қалай жасауға болады – мұндай проблема біздің мектеп мұғалімдерінің алдында болды. Бұл міндетті біз өзіміздің педагогикалық қызметімізде, STEAM  педагогикасы идеяларын қолдану арқылы, ARDUINO құрастырушысы негізінде робототехниканы дамыту арқылы жүзеге асыруды
«ROBOT X»  РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫ
01
июнь
2021
«ROBOT X» РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫ
«Robot X» онлайн байқауына М.Ганди атындағы №92  мамандандырылған лицейден қатысқан  оқушылар Лабиринт санаты бойынша жүлделі орындармен марапатталды. Серик Абулхаир I орын  Жақып Асқар I орын Сансызбаев Абильмансур II орын Бағашар Риза  II орын Жетекшісі:Абдураимова Рая
"КЕНГУРУ - МАТЕМАТИКА БАРЛЫҒЫ ҮШІН" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК КОНКУРСЫ
31
май
2021
"КЕНГУРУ - МАТЕМАТИКА БАРЛЫҒЫ ҮШІН" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК КОНКУРСЫ
 "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Кенгуру - математика барлығы үшін" халықаралық зияткерлік конкурсына Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейден қатысқан оқушылар дәрежелі дипломдарға ие болды. 1.      Муканов Аскар 11 Б сынып    I   дәрежелі диплом 2.      Муканова Амина 6 Б сынып  II   дәрежелі диплом 3.      Тажибай Абылайхан 7 А сынып   III   дәрежелі диплом Жетекшілері:математика пәні мұғалімдері Жадыкова С, Матаева Қ.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
WT ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ V ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ
31
май
2021
WT ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ V ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ
ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен  WT таеквондодан Қазақстан Республикасы V Жастар ойындарында   Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейден қатысқан оқушылар жүлделі Дипломдармен марапатталды: 48 келі салмақ дәрежесінде I орын алған Тилеулес Тамерлан 61 келі салмақ дәрежесінде III орын алған  Орынбек Султанбек
III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙТАНУ ОЛИМПИАДАСЫ
17
май
2021
III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙТАНУ ОЛИМПИАДАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен өткен «III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙТАНУ» олимпиадасына М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейден 11 А сынып оқушысы Жасузакова Айтөре қатысып,көрсеткен ерекше жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды. Пән мұғалімі:Мунасаева Р.Н
ШАҢҒЫ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМОРИАЛДЫ ТУРНИР
17
май
2021
ШАҢҒЫ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
А лматы қаласында өткен шаңғы спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы Республикалық мемориалды турнирге  Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 7Ә сынып оқушысы Асылхан Бейбарыс қатысып, өз жасындағы жасөспірімдер арасында 1-орынға ие болып, Дипломмен марапатталды!
9 СЫНЫП ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ,12 МАМЫР
17
май
2021
9 СЫНЫП ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ,12 МАМЫР
2021 жылдың 12 мамыр күні лицейімізде 9 сынып ата-аналары мен оқушыларына жиналыс өтті.Жиналысқа лицей директоры К.С.Шажабаева,директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары  Ш.Е.Өмірбекова,лицей психологтары,сынып жетекшілер мен 9-сынып окушылары және ата-аналар қатысты.Жиналыста ата-аналар мен оқушыларға 25-мамыр күні болатын салтанатты жиын туралы айтылып,емтихан кестесімен,бұйрықтарымен таныстырылып,қорытынды  емтихан туралы мәліметтер берілді.