Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰБТ-2024, наурыз ҰБТ нәтижесі
09
апрель
2024
ҰБТ-2024, наурыз ҰБТ нәтижесі
«Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицей» КММ-де 2023 – 2024 оқу жылында 11 сыныптарда 91 оқушы білім алып жатыр. Наурыз айынын ҰБТ-на 63 оқушы қатысты. Лицей бойынша орта балл – 82,3 балл, ең жоғары балл нәтижесін көрсеткен оқушылар: 11 «А» сынып оқушысы Ерғали Ераслан – 129 балл, 11 «Б» сынып оқушысы Булен Надия – 122 балл. 2 оқушы шығармашылық емтихан тапсырғанына байланысты ҰБТ-да тек 2 пән ғана жазды.
Тренинг: "Оқушылардың танымдық ерекшеліктерін жетілдіру"
09
апрель
2024
Тренинг: "Оқушылардың танымдық ерекшеліктерін жетілдіру"
         5 "Ә" сынып оқушыларымен оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру мақсатында танымдық ерекшеліктерін дамытуға арналған тренинг жүргізілді. тренинг барысында, «Сөйлем құрастыр», «Есте сақта», «Басқа сөзбен сипатта» және сергіту жаттығулары жүргізілді.
Каратэден Алматы облысының чемпионаты
08
апрель
2024
Каратэден Алматы облысының чемпионаты
Лицей мақтаныштары 😍😍😍 Махатма Ганди  атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 7«Г» сынып оқушысы Сериков Махамбет каратэ бағыты бойынша Алматы облысының чемпионатында жүлделі 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«Turkish Universities Promotion Fair 2024» халықаралық білім беру көрмесі
06
апрель
2024
«Turkish Universities Promotion Fair 2024» халықаралық білім беру
06.04.2024ж. «Turkish Universities Promotion Fair 2024» халықаралық білім беру көрмесіне лицейіміздің оқушылары қатысты.
“Dilmar CUP I” қалалық пікірсайыс турнирі
28
март
2024
“Dilmar CUP I” қалалық пікірсайыс турнирі
Қайырлы уақыт құрметті пікірсайысшылар! Наурыз айының 28-шы жұлдызы Оқушылар сарайы пікірсайыс кеңсесінің ұйымдастыруымен “Dilmar CUP I” қалалық пікірсайыс турнирі өткізілді. 🔰Қазақ лигасы бойынша 24 фракция, орыс лигасы бойынша 24 фракция, жалпы 96 оқушы қатысқан ауқымды турнир өтті.  Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 «Ә» сынып оқушылары  Султангазиев Аянби мен Ұлықпанов Мақсат «Үздік талпынысқа» ие болды. 👏🏻👏🏻👏🏻 Құттықтаймыз! Жетекшісі: Есенбекова Қаракөз
Көктемгі демалыстан үзінді
26
март
2024
Көктемгі демалыстан үзінді
Лицей оқушылары көктемгі демалысын тиімді өткізуде🔅🔅 7«А» сынып оқушысы Нурбағи Таңшолпан Ташкент қаласына саяхатынн үзінді….
Астана ашық чемпионат байқауы
21
март
2024
Астана ашық чемпионат байқауы
Лицей мақтаныштары ⚜️Астана ашық чемпионат байқауында Жасөспірімдер 2 Латын Америкасы бағдарламасына сәйкес Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 7«Ә» сынып оқушысы Жангелді Томирис марапатталды.
Дәріс: "Буллингтің алдын алу"
15
март
2024
Дәріс: "Буллингтің алдын алу"
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушыларына Бостандық ауданы прокуратурасының прокуроры М. Медеуов "Буллингтің алдын алу" бойынша дәріс өткізді. Сонымен қатар лицей инспекторы А.А. Алжанов "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
UIB Алматы  колледжі туралы түсіндірме жұмыстары
12
март
2024
UIB Алматы колледжі туралы түсіндірме жұмыстары
12.03.2024ж.Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушыларына UIB Алматы көпсалалы колледжі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тренинг-семинар: "Эмоция және сезім"
12
март
2024
Тренинг-семинар: "Эмоция және сезім"
5-сынып оқушыларымен «Эмоция және сезім» тақырыбында тренинг-семинар жүргізілді. Тренинг-семинар барысында эмоционалды интеллект ұғымының мәні, оның аспектілеру таралы айта өтіп, оқушының өз эмоциясын басқаруын бақылау мақсатында жаттығулар жүргізілді.