Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахматтан Қазақстан чемпионаты
05
декабрь
2023
Шахматтан Қазақстан чемпионаты
Лицей мақтаныштары ⚜️05.12.2023ж.Қостанай қаласында 16 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында командалық Қазақстан чемпионаты өткізілді. Алматы құрама командасы 1 орынға ие болды. Чемпинатқа лицейдің 10 «А» сынып оқушысы Байтілеу Сырым мен 10 «Б» сынып оқушысы Мұхаметқали Мерей қатысты. Құттықтаймыз! 🥇🥇🥇 Біз сендермен мақтанамыз!
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат атағын алды
30
ноябрь
2023
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат атағын алды
Лицей мақтаныштары 🏆🏆🏆 Лицейдің 7 «А» сынып оқушысы Тоғызбай Алихан Мейбукан годзю-рю каратэ-додан 6 дүркін Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы, «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» спорттық атағы берілді. 3-кю қоңыр белбеу иегері атанды. 👏🏻👏🏻👏🏻 Құттықтаймыз! Сынып жетекшісі:  Несипбергенова Ф.К.
Аудандық байқау: «Менің арманымдағы мамандық»
21
ноябрь
2023
Аудандық байқау: «Менің арманымдағы мамандық»
21.11.2023ж. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудан мектептері арасында өткен «Менің арманымдағы мамандық» атты аудандық байқаудың іріктеу кезеңінде өзіндік жаңашыл идеяларымен ерекшеленгені үшін №92 мектеп командасы III дәрежелі дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Өзін-өзі басқару ұйымының президенттер слеті
10
ноябрь
2023
Өзін-өзі басқару ұйымының президенттер слеті
10.11.2023ж. Бостандық ауданының Өзін-өзі басқару ұйымының президенттер слетінде 10«А»сынып оқушысы Нұрсолтан Алмас  III орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Берлин қаласында өткен шахмат турнирі
31
октябрь
2023
Берлин қаласында өткен шахмат турнирі
Лицей мақтаныштары! Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 9 «Ә» сынып оқушысы Асылов Мирас Берлин қаласында өткен шахмат турнирінен 2300 рейтингке дейін 3 орынмен марапатталды.
Қалалық Кітап оқу байқауы
25
октябрь
2023
Қалалық Кітап оқу байқауы
Қалалық Кітап оқу байқауында 10 "Ә" сынып оқушысы Олжаболат Айман "жүзден—жүйрік, мыңнан — тұлпар"атанып, жүлделі 3-орын алды. 🔰Жетекшісі: Мунасаева Рая Нұрқызы  
«Жеті жұрттың тілін біл» байқауы
13
октябрь
2023
«Жеті жұрттың тілін біл» байқауы
Орта білім беру ұйымдарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 11-сынып оқушылары арасында өткен «Жеті жұрттың тілін біл» байқауынан 2-орын алғаны үшін лицейіміздің 11-сынып оқушысы Нуркенова Асылай марапатталды. Құттықтаймыз!
Іле ауданы Дзюдо күресінен ашық біріншілігі
11
октябрь
2023
Іле ауданы Дзюдо күресінен ашық біріншілігі
Дзюдо күресінен 2010-2011жж. кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өтетін Іле ауданы БЖСМ-нің ашық біріншілігінде 6 “Б” сынып оқушысы Аханбаев Абубакир 1-орынмен иеленді. Құттықтаймыз!
Лицей директоры оқушыларды жеткен жеңістерімен құттықтады
09
октябрь
2023
Лицей директоры оқушыларды жеткен жеңістерімен құттықтады
Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна жеңімпаз оқушыларды жеткен жеңістерімен құттықтады!
Шахмат спорт түрінен Республикалық олимпиада
09
октябрь
2023
Шахмат спорт түрінен Республикалық олимпиада
09.10.2023ж.Қазақстан Республикасы "Шахмат федерациясының" ұйымдастыруымен шахмат спорт түрінен Республикалық олимпиададан М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей командасы 1-орын орын алып,марапатталды. Жетекшісі: Әлі Мадияр Құттықтаймыз!