08
октябрь
2024
Тренинг: "Мен және менің ортам"
Лицейіміздің 7-сынып оқушыларымен өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру мақсатында «Мен және менің ортам» тақырыбында тренинг жүргізілді. Оқушыларға алдымен тренинг ережесі таныстырылып, «Сәлемдесу» жаттығуы орындалды. Сонымен қатар «Кім жылдам», «Мен басқаның көзімен» жене «Жүйрік ой» жаттығулары жүргізілді. Оқушылар барлық жаттығуларға белсене қатысты.