Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2023

Семинар-тренинг: "Өмірге деген құлшынысты ашу"

Лицей психологтары 6 «А» сынып оқушылар арасындағы өмірге деген құштарлықтарын ашу, қарым-қатынасты нығайту, өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектесу мақсатында  «Өмірге деген құлшынысты ашу» тақырыбында тренинг жүргізді. 

Тренинг барысында: «Сәлемдесу», «Мотивациялық сөздер» жаттығуы, «Кім жылдам» сергіту жаттығуы және  «Хабарлас» әдісі жүргізілді. Оқушылардың барлығы жоғары белсенділікпен қатысып, соңында өздері алған әсерлермен бөлісті.