Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2023

Тренинг: "Өзіңе деген сенімділікті арттыр!"

Лицей психологтары 9-сынып оқушыларымен арадағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге, өзіне деген сенімдерінің артуына көмектесу мақсатында «Өзіңе деген сенімділікті арттыр!» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында «Сәлемдесу», «Өзіңді тереңірек тани біл», «Мюнстенберг» әдістемесі және «Құбыр» жаттығулары жүргізілді. Әрбір жаттығуды орындау кезінде оқушылар өзара жағымды көңіл-күй қалыптастырып, өздерін ортада еркін ұстай білді.