Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің асыл қасиеттерім» 7 сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг .
25
апрель
2023

«Менің асыл қасиеттерім» 7 сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг .

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан, күнделікті адамдармен қарым-қатынасынан бойына сіңіреді. 

7 - сынып оқушылары бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық, қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Менің асыл қасиеттерім»  тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында:

1. Танысу «Қадір – қасиет» жаттығуы арқылы жақсы қасиеттерді тізбектесе,

2. «Менің мінезім» жаттығуы кезінде жанауарларды таңдау арқылы псиологиялық сауалнама жасалынды.

3. «Ашулы шарлар» жаттығуы барысында оқушылар 1-ші шарды үрлеп оны жару арқылы ашу-ызаны шығарса, 2-ші үрлеп жәймен ауасын шығару арқылы сабырлыққа, төзімділікке шақырдық.

4.   Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы кезінде «тілек шамы» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек тіледі.

Оқушылардың барлығы жоғары белсенділікпен қатысып, соңында өздері алған әсерлерімен бөлісті.