Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жеке тұлғаны дамыту». 7«А» сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
28
март
2023

«Жеке тұлғаны дамыту». 7«А» сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг

«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырылады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту ұғымы-оқу мен жастардың практикалық еңбегінің  тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы». 7 «А» сынып оқушыларының бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту, тұлға туралы ойларын анықтап, жеке тұлға болып қалыптасуына көмек беру мақсатында «Жеке тұлғаны  дамыту»  тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында: «Сәлемдесу», Сұрақ-жауап, Постер қорғау әдісі, сергіту жаттығуы ретінде «Крокодил» ойыны жүргізілді. Оқушылардың барлығы жоғары белсенділікпен қатысып, соңында шаттық шеңбер құрып өздері алған әсерлермен бөлісті.