Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ноябрь
2016

Мектепшілік іс-шаралар

Лицей дәстүрлері:

Таңғы жаттығу «Қаражорға»

 

 

«Қаражорға»қазақ халқының ертеден келе жатқан адам денсаулығына пайдасы зор бидің түрі. Жас буынды ұллтық тәрбие беруде «Қаражорға » биінің алар орны зор . Бидіңадам денсаулығына пайдасы туралы оқушыларға танымдылық жұмыстар жүргізіліп, күнделікті таңертең 8.15.-те жыл бойы «Қаражорға » биін билеу дәстүрге айналған. «Қаражорға» оқушылардың және мұғалімдердің сабаққа деген көңіл-күйлерін қалыптастырады .Оқушылардың денсаулығына тиімділігі мен халықтық өнерге деген қызығушылығынарттырады.


 

 

Лицейге қабылдау

 




 
 

Жыл сайын 5-сыныпқа қабылдау рәсімі дәстүрге айналған. Бұл іс-шара қабылданған сынып оқушылары мен олардың ата-аналары бірігіп ұйымдастыратын іс-шара. Әр сынып өз презентацияларын дайындап, өздерінің жетістіктерімен бөліседі.

 


 

 

Шахмат турнирі.

Жыл сайын лицей базасында Үнді елшілігімен бірлескен «Дәстүрлі Махатма Ганди Мемориалы» атты шахмат турнирі өтеді. Жылда лицей оқушылар осы турнирде жүлделі орындарға ие болып келеді.

 

 

 

 


 

«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс

Қазақстан Республикасы Президентінің «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағдарламасы аясында ата-аналардың қатысуымен «Дені сау ұлт –ұрпақ болашағы» ұранымен «Әкем ,анам және мен» эстафеталық ойындар үнемі өткізіліп тұрады.

 

 


 

«Ұлан» әскери спорттық ойын

Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту мақсатында «Ұлан әскери спорттық сайысы» ұйымдастырылады.

 

 

 

 

 

 


«Ең үздік жыл оқушысы» байқауы 


«Ең үздік жыл оқушысы» байқауы «Сенім» қамқорлық кеңесінің қолдауымен лицей әкімшілігі және «Тағылым» ОҒҚ басқару комитеті ұйымдастыруымен өткізілетін іс-шара.

2014 жылдың 15-25 мамыр аралығында өткізілді.

Байқаудың құрылтайшылары №92 мамандырылған лицей әкімшілігі және «Сенім» қамқорлық кеңесі болып табылады.

Байқаудың мақсаты:

Дарынды, озат оқушылардың беделін көтеру, ынталандыру және мектеп оқушыларының білімге, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, танымын кеңейту.

Міндеттері:

дарынды, ынталы оқушыларды анықтау, оқушылардың қабілеттерін ашу, қолдау көрсету және мадақтау;

оқушылардың шығармашылық потенциалын ашу, жалпы дүниетанымын кеңейту;

оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;

дарынды оқушылардың беделін көтеру;

оқушылардың құзырлылығын дамытуға ықпал ету.

«Ең үздік жыл оқушысы-2014» байқауының жеңімпазы 6 сынып оқушысы Арап Айдос.

 

 

«Ең үздік жыл оқушысы-2015» байқауының жеңімпаздары «Оқушының оқу жетістігін критериалды-рейтингтік бағалау жүйесі» қорытындысы бойынша анықталып отыр. Жеңімпаздар 3 апталық «Орленок» Жалпыресейлік балалар лагеріне (Сочи қаласы) тегін жолдама алып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

12 сентябрь 2016 методика
01 сентябрь 2021 Бауыржанқызы Динара