Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2022

Сынып сағаты: «Адалдық бар жерде — адамдық жүреді»

9 «Б» сынып оқушыларына «Адалдық бар жерде — адамдық жүреді» тақырыбында сынып сағаты өтілді.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:
1. Оқушыларға адалдықты өмірде қолдана білудің маңыздылығын түсіндіру.
2. Оқушылардың бойында әділдік, шыншылдық қасиеттерін дамыту.
3. Оқушыларды әділ, шыншыл, адамгершілікпен өмір сүруге тәрбиелеу.

Сынып сағатында оқушылар 3 топқа бөлініп,  адалдық туралы өз пікірлерімен ой бөлісті. Сонымен қатар,  зұлымдықтың аты—жемқорлыққа қатысты когнитивті ассоциация әдісі қолданылды. Жемқорлықтың мәнін түсіну мақсатында «17 мгновений весны»  атты көркем фильмінен Мюллер мен Айсман арасындағы диалог үзіндісі көрсетілді. 

Тақырыптың қорытындысы ретінде әр топ шығармашылық жұмысты қорғады. 
1-топ. Адалдық ережесін құру
2-топ.«Шындық қайда болса,  бақыт сонда»  атты мақал-мәтелдің мәнін ашып беру
3-топ. Төрт терезе әдісі бойынша оймен бөлісу
1️⃣Адам бойында қандай парасаттылық болу керек? 2️⃣Не үшін? 
3️⃣Қалай бойымызға сіңіреміз? 4️⃣Нәтижесі? 

9 «Б» сынып
Сынып жетекшісі:  Кулжан Шолпан Шоханкызы