Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2021

Ыбырай Атынсариннің 180 жылдық мерейтойы

Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейінде ұлтымыздың ұлықты ұстазы-Ыбырай
Атынсариннің 150 жылдық мерейтойына орай кітапхана меңгерушісі Исагулова Айнур Жанатовнаның ұйымдастыруымен іс-шара өтілді. 
Мақсаты:
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. 
Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ ұлты үшін орны бөлек: қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, журналист. ✒Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын, методологиясын саралау оны басқа этнопедагогикалық жүйелермен салыстыруды қажет етеді.
Алтынсарин ел басын біріктіру,  халықтың келешегі үшін екі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы; екіншісі – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. ✔Ы.Алтынсарин – ұлт патриоты, тәлімгер-санаткері, халық қызметшісі болды.  Ұлы даланың шартарабына саңқылдап естілген ұлттың ұранындай, келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, таудың таза кәусарындай «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» дейтін классикалық шығармалары – ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық еді.