Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА
09
апрель
2021

ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА

"Телефондық" терроризмге стационарлық және ұялы телефондардан, сондай-ақ факсимильді аппараттар мен Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған қылмыстар жатады. 
Мұндай сын-қатерлердің мақсаты қарапайым бұзақылық, атақты болуды қалау, маңызды объектінің немесе оқиғаның жұмысын бұзу, белгілі бір адамды бопсалау немесе арнайы қызметтерге жалған қоңырау шалу болуы мүмкін. Қазақстан Республикасында ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы жалған хабалау» заңнамасы қарастырылған. Баптың диспозициясы дайындалып жатқан жарылыс, өртену немесе адамдардың қаза табу, елеулі мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де әрекеттер туралы жалған хабарлау жазаланатынын көрсетеді:– алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.ҚР ҚК 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ҚР ҚК 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан басталады.    Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабына сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек органдарын, авариялық қызметтерді жалған шақыру айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. Кәмелетке толмағандарды күтіп-бағу және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың (он төрттен он алты жасқа дейінгі) кәмелетке толмаған балаларының ата-аналары да әкімшілік жауапкершілікке тартылуы (ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады), ал жасөспірімдер кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерге есепке қойылуы мүмкін.