Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2024

Қалалық пікірсайыс конференциясы: "Диалог арқылы көсбасшылық"

28.05.2024ж. күні «Диалог арқылы көсбасшылық: Алматы қаласының пікірсайыс қозғалысының оқу жылының нәтижелерін қорытындылау» қалалық пікірсайыс конференциясы Алматы қаласы оқушылар сарайы жобалық пікірсайыс кеңсесінің ұйымдастырумен өткізілді. 
🔸Конференция мақсаты: 2023-2024 оқу жылындағы Алматы пікірсайыс қозғалысының жетістіктерімен танысу; белсенді қатысушыларын марапаттау; пікірталас клубтарын тиімді басқарудың тәжірибелерімен және әдістерімен алмасуға бағытталған сессиялар мен панельдік дискуссиялар ұйымдастыру.
🔹Конференция барысында оқушы пікірсайысшылардың, жетекші тәлімгерлердің, Алматы қаласына қарасты аудандардың рейтингі көрсетілді. 
🔸Белсенді пікірсайысшылар, тәлімгер ұстаздар және аудан координаторлары ретінде Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары Абылқасым Мөлдір Бақбергенқызы және Есенбекова Қаракөз алғыс хатпен марапатталды.