Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасылық жағдайы төмен, өмірге деген көзқарасы бұлыңғыр оқушының білімге және оқуға деген құштарлығын қалай арттыруға болады», «Оқушылардың таным процестерін дамытуға арналған жаттығулар» атты тақырыпта өткізілген әдістемелік семинар.
05
март
2021

«Отбасылық жағдайы төмен, өмірге деген көзқарасы бұлыңғыр оқушының білімге және оқуға деген құштарлығын қалай арттыруға болады», «Оқушылардың таным процестерін дамытуға арналған жаттығулар» атты тақырыпта өткізілген әдістемелік семинар.

2021 жылы наурыз айынның 4-ші жұлдызында әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға лицей мұғалімдері мен 184 жалпы білім беретін мектеп директоры және психолог маманы қатысты.

Семинарда қозғалған тақыптар: 

1.«Отбасылық жағдайы төмен, өмірге деген көзқарасы бұлыңғыр оқушының білімге және оқуға деген құштарлығын қалай арттыруға болады»

Жауапты: психолог - Атабекова Бақтыгүл.

2.«Оқушылардың таным процестерін дамытуға арналған жаттығулар»

Жауапты: психолог – Турсунбекова Ақниет.

Семинарда төмендегі мәселелер қарастырылды:  

  • Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
  • Әрбір баланың дербес ерекшелігі;
  • Нерв жүйесінің типтік қасиеттері;
  • Оқушылардың таным белсенділігі;
  • Оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу.

                          

Оқушылардың таным процестерін дамытуға мынадай жаттығулар көрсетілді:

  • «Көзбен сана»
  • «Есте сақта»
  • «Сөйлем құра»
  • «Басқа сөзбен түсіндіру»
  • «Анаграмма» 
  • «Сандарды іздестіру»

                       

Психолог маман мұғалімдерде туындаған сұрақтарға жауап бере отыра, оларды шешудің біршама жолдарын атап өтті.