Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2024

Салтанатты жиын: “12 сәуір - Ғарышкерлер күніне”

12.04.2024ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде “12 сәуір - Ғарышкерлер күніне” орай салтанатты жиын өтілді.
🔸Салтанатты жиында адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа сапар қазақ жерінен бастау алып, еліміздің ғарышкерлерінің ерен еңбектері туралы жас ұрпаққа мазмұнды ақпарат берілді, сонымен қатар оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.
🔹Ракетаны ұшыру рәсімі биылғы оқу жылындағы физика-информатика бірлестігінің физика пән мұғалімдерінің жетекшілігімен жетістікке жеткен лицейдің жас ғалымдарына берілді.
🔸Халықаралық деңгейде  Қытайда өткен жасөспірімдер арасындағы Castic 37 бауқауына қатысып, жүлдегі 3 орын, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жер және ғарыш туралы ғылым секциясы бойынша 2 дәрежелі диплом иегерлері 
Серікбай Ерсұлтан, Әбіш Нұрәлім. 
Жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Рсалиева Асем Айдарқызы
🔹«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының аудандық және қалалық кезеңінің өндіріс саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша 1 дәрежелі диплом жеңімпазы Миятқызы Мереке 
🔸Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің техника секциясы бойынша 2 дәрежелі диплом және республикалық кезеңінің техника секциясы бойынша 2 дәрежелі диплом Миятқызы Мереке, Жақсыбек Айша.
🔹XIX «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қалалық кезеңінің 1 орын және республикалық кезеңінің 3 дәрежелі диплом жүлдегері Жаңабай Ерсін, Советжан Али 
Жетекшісі  Қожабай Абай Мырзабекұлы.
🔸Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің техника секциясы бойынша 3 дәрежелі диплом және республикалық кезеңінің техника секциясы бойынша 3 дәрежелі диплом иегерлері Олжаболат Айман, Нұрланұлы Бақдаулет.
Жетекшісі Қанафина Жаңагүл Несіпбайқызы
🔹Ауданық “Проэко” байқауында 1 орын иегері Жамалханқызы Іңкәр 
Жетекшісі Рахимов Жанболат Жумабаевич.