Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2024

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы

Лицей мақтаныштары 
😍😍😍
⚜️26.02-01.03.2024ж. күндері Тараз қаласында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша
10-11 (12) сынып оқушыларына  арналған Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің мақтаныштары, 11-сынып оқушылары Серікова Аяулым және Нұржанқызы Алуа
«Химия» секциясы бойынша ғылыми жобаларын үздік қорғап, III дәрежелі диплом мен қола медаль жеңімпаздары атанды.
🏆🏆🏆
Ғылым сүйер ғалымдар тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдеріңді ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтар болуларыңа тілектеспіз!
👏🏻👏🏻👏🏻
Лицей атын асқақтататын жеңімпаздарды, оқушы қабілетін шыңдай білетін жетекші ұстаздарды және қолдаушы ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!

❇️Жетекшісі: химия пәні мұғалімдері
Каумбаев Суннатулла Абдуганиулы
Алтаева Асель Мырзагалиевна