Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2024

Квест интеллектуалды ойыны: «Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі»

06.02.2024 күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 5, 6, 7- сыныптарға ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен өрілген «Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі» атты квест интеллектуалды ойыны өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Іс-шараны «Арман» мен «Зере» атты роботтар және жасанды интеллект «Ақылбек» жүргізді. Ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіріп, жадында тоқуына атсалысқан заманауи роботтардың көш бастауы бұл үлкен іс-шараның ХХІ ғасырдағы заман талабы екенін көрсете алды.

Лицей оқушылары ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған, халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан Алаштың бес арысы - Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтың бейнесін «Жанды театр» арқылы көрсете білді.