Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2024

Аудандық турнир: «Махатма Ганди мемориалы»

20.01.2024ж. күні Махатма Ганди атындағы № 92  мамандандырылған лицейде шахматтан «Махатма Ганди мемориалы» атты аудандық турнир өтті. 
Турнир швецариялық жүйеде 5 тур негізінде өтілді.
Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовнаның қолдауымен өтілген іс-шара өте жоғары деңгейде өтілді.

🏆5-6 сынып оқушылары арасында жеңіске жеткен командалар:
1-орын М. Мақатаев атындағы №140 гимназиясы
2-орын О. Жандосов атындағы №105 гимназиясы
3-орын Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі
🏆7-8 сынып оқушылары арасында жеңіске жеткен командалар:
1-орын О. Жандосов атындағы №105 гимназиясы
2-орын Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі
3-орын №51 мектеп-гимназиясы
🏆9-11 сынып оқушылары арасында жеңіске жеткен командалар:
1-орын Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі
2-орын О. Жандосов атындағы №105 гимназиясы
3-орын  М. Мақатаев атындағы №140 гимназиясы

🏆Жүзден жүйрік шыққан барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
🏆Іс-шараға жетекшілік еткен Ілияс Тұран, Әлі Мадияр Жандосұлына және төрешілерге алғысымызды білдіреміз!