Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстанның ұлы ақындары» халықаралық қашықтықтан мәнерлеп оқу сайысы
23
ноябрь
2020

«Қазақстанның ұлы ақындары» халықаралық қашықтықтан мәнерлеп оқу сайысы

Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет бөлімі, «Art-dance» ақпараттық порталы және Ресей Федерациясы «Балаларды, жастарды және ересектерді қолдау және дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 22-қарашасында «Қазақстанның ұлы ақындары» халықаралық қашықтықтан мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. 

Байқау мақсаты - Қазақстанның көрнекті ақындарымен таныстыру, ана тіліне, өз халқының мәдениеті мен тарихына, дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, Қазақстанның ұлттық мұрасы мен мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Байқауға 10-12 жас аралығындағы жасөспірімдер категориясы бойынша М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейден 7«Д» сынып оқушысы Алмат Еркежан Абай Құнанбайұлының «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» атты шығармасымен қатысып, нәтижесінде І орын кубогын иеленді және арнайы дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Диярова Назерке. 

Құттықтаймыз!