Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар-тренинг: «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық жақтары»
23
ноябрь
2023

Семинар-тренинг: «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық жақтары»

ДОЖЖО Н.Р. Слямова мен лицей психологы А.Б. Турсунбекова  «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық жақтары» тақырыбында жас мамандармен  семинар-тренинг өткізді.      Мақсаты: 
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас барысында кездесетін қиындықтардың алдын алу
эмоционалды күйзелісті жою, эмоционалды байланыс орнату қабілетін дамыту.
Семинар барысында лицей психологтары жас мамандармен 2 бөлімде жұмыс атқарды. 
1-ші теориялық бөлімде жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мұғалімдердің 2 типі : тез тіл табыса алатын және тіл табысу кезінде қиындықтар кездесетін  мұғалім типтері жайында сөз қозғады. Мұғалім мен жасөспірім арасындағы қарым-қатынаста кездесетін жағдайлардың шешімін мұғалімдермен бірге қарастырды. 
    2-ші практикалық бөлімде мұғалімдерге арналған эмоционалды күйзелісті жою, эмоционалды байланыс орнату қабілетін дамыту мақсатында «Сыни ойлау ойды шыңдау» жаттығуы   жүргізілді    Қорытындылай келе сын айтып адамның жан дүниесінде немесе жанымызда жағымсыз із қалдырамыз. Ал кейін қанша рет кешірім сұрағанымыз маңызды емес. Сөзбен қорлау ол физикалық күш секілді жанға батады. Сондықтан біз сабырлығымызды,  түсіністігімізді әр түрлі жолмен: байсалдылықпен, ұстамдылықпен, мейірімділікпен, яғни төзімділікпен көрсете аламыз деп сөз қорытты.