Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2023

Математикалық сайыс: "Біліміңді сына"

2023 жылдың 12 қарашасы күні сағат 13:20-да Махатма Ганди атындағы 92 мамандандырылған лицейдің математика айлығы аясында 11 сынып оқушыларының "Біліміңді сына" атты математикалық сайысы болып өтті. Бұл сайысқа 11 сынып оқушыларынан 4 топқа 16 оқушы қатысты.Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар сайыста жылдамдыққа логикалық есептер шығарды, күрделі, танымдық деңгейдегі есептердің шығарылу жолдарын көрсетті. Ұшқыр ойлы топ басшылары сұрақтарға жылдам жауап беріп өз топтарына дем берді.
Бұл сайыста оқушылар ойлау қабілеттерінің математикаға деген қызығушылықтарының жоғары дәрежеде екенін көрсетті және де математика пәні бойынша білімдерін сынады. 
Сайыс нәтижесінде 
1-орын 11В сыныбы
2-орын 11Г сыныбы
3-орын 11А, 11Б сыныптары иеленді.