Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2023

ҰБТ – 2024 ерекшіліктері

11.09.2023 жылы «Білімді болашақ» оқу орталығының менеджері Тименов Айбын «Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицей» КММ-нің 10 және 11 сынып  оқушыларының ата-аналарына жаңа форматтағы 2023 – 2024 оқу жылының ҰБТ-дағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы онлайн форматта жиналыс өткізді. Жиналысқа мектеп түлектерінің ата-аналарымен бірге мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты.  

Жиналыста орталық менеджерлері «ҰБТ-2024» өткізілуі жөнінде ақпарат беріп, ережелердегі өзгерістермен таныстырды, ата-аналарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Тестілеу форматы өзгерген жоқ. Ескіше 120 сұрақ, 140 балл. 3 міндетті және 2 таңдау пәндері бойынша, таңдаған бағыт бойынша тапсырады. 

2014 жылдан кейін тек, 2017 жылы өзгерістер енгізілді. Мысалы, таңдау пәндері бойынша балл саны 25-тен 40-қа өсіп, сұрақ саны 30-ға жетті. Бұл оқушының өзі таңдап отырған бағытқа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік берді. Себебі, міндетті пәннен шектік балл 20-дан 7 еді. 

Осы өзгерістен кейін, 2021 жылы кішкене өзгерді. Таңдау пәніне көп мән беріліп, сұрақ санын 35-ке, ал ұпай санын 45-ке өсірді. Бірақ, жалпы балл 140 болып қала берді. Себебі, "Қазақстан тарихы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен 5 сұрақ пен балл саны алынды.