Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2023

Сынып сағаты: «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі»

05.09.2023 күні 8 «Г» сыныбында сынып жетекшісі Алимбекова Халима Пернехановна «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі» атты Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты Қ.А.Ясауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлар туралы білім беру арқылы оқушылардың Қ.А.Ясауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру, ойшылдар еңбегін оқып-үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру және адамгершілікке тәрбиелеу болды. Оқушылар слайдтар арқылы Ясауидің өмірі және еңбектерімен танысып, алғын білімдерін блиц-турнир, сұрақ-жауап жұмысы арқылы пысықтады. Тарихи жазбаларға көз жүгірте отырып, оқушылар тарихтан да білімдерін нығайта түсті. Нәтижесінде оқушылар Ясауидің еңбектерін тереңірек оқып білуге талпыныс білдірісті.