Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2023

«БАЛАFEST-2023» фестивалі

Алматыда «БАЛАFEST-2023» фестивалі өтті

🔹1200-ден астам оқушы дарынды балаларға арналған фестивальдің жеңімпазы мен жүлдегері атанды. Биыл олар шығармашылық, спорттық, техникалық, әдеби және экологиялық номинацияларды қосқанда 7 бағыт бойынша байқауға қатысты. 
🔸Бірінші мектептегі кезеңде 250 000-нан астам оқушы сайысса, аудандық кезеңге 35 000-нан астам бала жолдама алды. Фестивальде қатысушылар қолөнер ойындары, поэтикалық баттлдар, спорт-стекинг және робототехникада бақ сынасты. 
🔹Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары да «БАЛАFEST-2023» фестиваліне қатысты.
🔸Фестивальдің жабылу салтанаты балаларды қорғау күніне орайластырылды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен дипломдар алды. Сонымен қатар, басты алаңда халықаралық, республикалық олимпиадалар мен байқаулардың 60 алтын медаль иегері марапатталды. Бұл жетістіктердің арқасында Алматы құрама командасы 18 жыл қатарынан «ҚР ең үздік олимпиада командасы» атанып келеді.