Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2023

"Balafest-2023" фестивалі: «Поэтикалық баттл»

«Поэтикалық баттл»

🔹18.05.2023ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығымен», 
лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна, директордың бейін және ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Асель  Мырзагалиевна, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Мөлдір Бақбергенқызы, Жандос Алимкулович, аға тәлімгер Әлия Сейілханқызы және лицейдің "Өзін-өзі басқару ұйымының" ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қалалық "Balafest-2023" фестивалінің «Кітап – білім бұлағы» байқауы жоғары деңгейде өтті. 
🔸Байқау мақсаты: кітап пен оқуды насихаттау мақсатында тартымды, қызықты, шығармашылық орта құру: мектеп пен колледждерде оқушыларының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін мәдени-ағартушылық іс-шаралардың әртүрлі нысандарын қосу.
🔹Міндеттері:
- театрландырылған іс-шаралар арқылы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру;
- шығармашылық үдеріс ретінде кітап пен оқудың жоғары мәртебесіне қоғамның назарын аудару;
- шығармашылық ойлау, стандартты емес шешімдерді табу қабілетін дамыту;
- белсенді оқырмандарды анықтау.
🔸Байқау 3 бағытта өтті:
№1 бағыт «Театр өнері арқылы – оқуға»
№2 бағыт «Кадрда оқу»
№3 бағыт «Поэтикалық баттл».
🔹Байқауда әр ауданның ең үздік оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
🔸Ұйымдастырушыларға қатысушылар, әділқазылар өз алғыстарын білдіріп, ақ тілектерін білдірді.