Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2023

Экскурсиялық саяхат: «Алатаудың тылсым әлемі»

«Туған өлкем» фестивалі аясында лицейіміздің география пәні мұғалімі Сәлімжанов Нұрсұлтан Өмірханұлы және Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог ағартушысы Абилова Самал Нарынбаеваның ұйымдастыруымен «Қалалар географиясы» пәнінен 9 сынып оқушыларына «Алатаудың тылсым әлемі» - атты Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орталығына экскурсиялық саяхат жасалды. 
🔹Экскурсияның мақсаты, оқушылардың туған өлкесінің табиғатын және әсем жерлерін танып білуге бағытталды.
🔰Экскурсия барысында оқушылар теориялық алған білімдерін практикада шыңдады. Географиялық нысандардың макеттерін (жердің ішкі қабаттары, табиғат зоналары, Қазақстанның физикалық картасы, Іле-Алатауы табиғаты, фаунасы мен флорасы т.б.) көздерімен көріп, қолдарымен ұстауға мүмкіндік алды.