Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2023

Сынып сағаты: «Темекінің адам ағзасына зияны»

25.04.2023 жылы лицейіміздің 10 «Б» сыныбында «Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында сынып сағаты өтілді.
🔹Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру
Тәрбиелік: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.
Дамытушылық: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер арқылы көз жеткізу
🔰Сабақтың барысы:
I.  Ұйымдастыру. Кіріспе.
II.  Темекінің шығу тарихы
ІІІ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.
IҮ. Темекіден болатын аурулар
Ү. Темекімен күрес
ҮІ. Темекіні тастауға бола ма? (дискуссия)
ҮІІ. Темекі тартудың спортқа қандай әсері бар?
VIII.  Қорытынды.
IX.  10 сынып окушыларының міндеттеме қабылдауы.

Сынып сағатты қорытындылай келе, оқушылар темекідегі улы зат никотин жүйке жүйесінін реттілігін бұзатынын, улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендететінін, денсаулыққа кері әсерін тигізетінін түсінеді.
Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

✅10 сынып оқушылары, осы сынып сағаттан алған әсерді жинақтап келіп былай деп міндеттеме қабылдадық.

1. сынып оқушылары жасөспірімге темекінің зиянын үнемі түсіндіріп отырамыз.
2. Темекі тарту біздің ата-салтымызда болмаған, ал оны қазіргі кездегі шегушілер біздің халқымызға зияндық жасап отырғанын насихаттаймыз.

Сынып жетекшісі: Кулжан Шолпан Шоханқызы