Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпықалалық төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша сейсможаттығу туралы
20
апрель
2023

Жалпықалалық төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша сейсможаттығу туралы

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 20.04.2023ж. күні Алматы қаласы бойынша сағат 11:00-де жалпықалалық төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша сейсможаттығу өткізілді.

Аталған шара лицейдің дайындық дәрежесін анықтауға және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған. Іс-шараға лицей әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар және қызметкерлер қатысты. Қатысушыларға жер сілкінісі қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі жеткізілді. Төтенше жағдай туындаған кезде алғашқы көмек қалай көрсетілуі жайында жаттығу көрсетілді. Оқушыларды лицей маңынан қауіпсіз жерге көшіру бойынша жаттығу өткізілді.