Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2023

Физика-информатика пәндері айлығының ашылу салтанаты

4 сәуір 2023 жылы лицейімізде физика-информатика пәндері айлығының ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатында лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы сөз сөйлеп, айлықтың жоспарымен таныстырды, оқушыларымызды айлық барысында белсенді болуға шақырды. 
Сонымен қатар, оқушыларға физикадан әр түрлі эксперименттік жұмыстар мен демонстрациялар көрсетіліп, оқушылардан олардың физикалық мағынасы бойынша сұрақтар қойылды. 
Информатика пәні бойынша қызықты, логикалық және пән бойынша сұрақтар QR код бойынша беріліп, оқушылардан олардың жауаптарын сұрады.
Айлықтың ашылу салтанатында белсенділік танытқан оқушыларға марапат көрсетілді.