Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2023

Байқау: «МЕНІҢ ЛИЦЕЙІМНІҢ ЛОГОТИПІ»

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
Құрметті оқушылар!
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей логотипін жаңалау мақсатында 31.03.-11.04.2023ж. аралығында «МЕНІҢ ЛИЦЕЙІМНІҢ ЛОГОТИПІ» атты байқау өтіледі.
Сіз жасампаз және креативті жансыз ба? Сізді лицей логотипіне жаңаша дем беретін байқауға бақ сынауға шақырамыз! 
Бұл логотип Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің ресми логотипі ретінде пайдаланылады.
КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:
-  Байқауға лицейдің 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.
- Жеке немесе топтық жұмыстар қабылданады.
- Логотип білім беру саласына қатысты болуы керек.
- Таңдалған элементтердің белгілі бір мағынасы, айтар ойы болуы тиіс.
- Логотипте лицейдің физика-математика, физика-ғарыш, IT, химия-биология бағыттарын бейнелейтін креативті элементтер болуы керек.
- Логотип дизайны цифрлық форматта немесе А4 форматқа суретін салу арқылы қабылданады.
- Барлық ұсынылған жұмыстар арнайы байқауға және тек қана байқаудың мақсаттары үшін жасалуы керек.
- Логотип көшірме болмауы керек.​
- Жұмыстар оқушының аты-жөні, сыныбы, (болған жағдайда топтың атауы, топ оқушыларының аты-жөні) идеясы, элементтердің, таңдалған түстердің мағынасы жазылған формада әр сыныптың сынып жетекшілеріне өткізіледі.
 
Лицей әкімшілігі, лицей ұстаздары және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінен құралған қазылар алқасы ең қолайлы логотипті таңдайды.
 
 
Ең жақсы жұмыстар марапатталады!
Жұмыстарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 11 сәуір