Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2023

Түсіндірме жұмыстары: «Өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу»

15.03.2023 ж. күні лицейіміздің аға тәлімгері Қуандықова А. «Өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өрт қауіпсіздігі.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико - химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.