Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2023

Лицейімізде “Ауғанстан ақиқаты” атты кеш өтілді

14.02.2023ж. күні лицейде 15 ақпан Ауғанстан соғысына 34 жыл толуына орай “Ауғанстан ақиқаты” атты кеш өтілді. 
🔸Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
🔹Ауған соғысы ардагерлері подполковник Дюсенбаев Байылғожа, майор Печенюк Виктор Кириллович қонақ болып келді.
Ардагерлер Ауған оқиғасы туралы тарихи мағыналық әңгіме өрбітіп, оқушыларға ерекше әсер сыйлады.

🔸Сонымен қатар,
Алматы қаласы, Шекара қызметі Кинологиялық орталығының қызметкерлері арнайы үйретілген иттердің наркологиялық заттарды табу жұмысын көрсетті.
🔹Оқушылар ардагерлерге өлең жолдарын арнап, ән айтты. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.
🔸Лицейдің алғашқы әскери және технологиялық пәні мұғалімі, полковник Журекбаев Серик Сейтказинович келген қонақтарға алғыс айтып, лицей атынан сый-сияпат тапсырды.