Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2022

Дебат үйірмесі

Лицейіміздегі дебат үйірмесінің өту сәті Дебат – бұл белгілі бір ережелерге сәйкес өткізілетін арнайы пікірталас нысаны, интеллектуалды ойын. Дебаттар логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. «Болашақ» дебат клубының мақсаты: оқушылар арасында комуникативтік дағдыларды, қоғамдық жағдайларға баға беруге, көшбасшылық дағдыларды дамыту. Дебат клубының міндеттері: сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті, әлеуметтік жетілген, жауапкершілікті жас ұрпақты қалыптастыру; Колледже студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру; Жас ұрпақтың бойында өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту; шешендік және пікірталас ережелерін үйрету Дауларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін ояту Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың жаңа идеяларын анықтау.

Похожие публикации: