Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесі
09
сентябрь
2022

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесі

09.09.2022 жылы М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 6-сынып оқушыларының қатысуымен лицейіміздің кітапханасында кітап көрмесі өткізілді. Көрме барысында ақынның кітаптары мен шығармалары таныстырылып, ақын шығармашылығы туралы мол мәліметтер айтылды. 

Тұтас буынның төл басы болған А.Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.

А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады.

Ұйымдастырушылар:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арын Нұрсұлу
Кітапхана қызметкері: Исагулова Айнұр