Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2022

Диктант: «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы»

07.09.2022ж. күні Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. 
✨Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».

💠Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
 
💠Міндеттері:
- Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту;
- қатысушыларға  қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
- сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту.