Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
июль
2022

«Мектепке жол» Республикалық акциясы

💠Алматы қаласы Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
💠Акция 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
💠Акцияның мақсаты:
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
💠Қосымша ақпараттарды лицейдің ресми сайты мен жедел желілер арқылы білуге болады: Алматы қаласы Бостандық ауданы Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейі

💠Баршаңызды акцияға белсене атсалысуларыңызды шақырамыз!