Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2022

Сынып сағаты: «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні»

19.04.2022 ж күні 10 «А» сыныбында «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

🔰Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. 23 сәуір халықаралық кітап және авторлар күні. Бұл күннің басты мақсаты - барша адамдарды кітап оқуға шақыру, әсіресе жастарды білім алуға және мәдениеттің дамуына үлкен үлестерін қосқан ақындар мен авторларға құрмет көрсету болып табылады.

Материалдарды дайындағандар:
10"А" сынып оқушылары - Әділбек Айсұлтан және Тулеубаева Сәуле;

Сынып жетекшісі: Утегенова Айгул Альхаровна