29
November
2021
Ыбырай Атынсариннің 180 жылдық мерейтойы
Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейінде ұлтымыздың ұлықты ұстазы-Ыбырай
Атынсариннің 150 жылдық мерейтойына орай кітапхана меңгерушісі Исагулова Айнур Жанатовнаның ұйымдастыруымен іс-шара өтілді.
Мақсаты:
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру.
Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ ұлты үшін орны бөлек: қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, журналист. ✒Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын, методологиясын саралау оны басқа этнопедагогикалық жүйелермен салыстыруды қажет етеді.
Алтынсарин ел басын біріктіру, халықтың келешегі үшін екі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы; екіншісі – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. ✔Ы.Алтынсарин – ұлт патриоты, тәлімгер-санаткері, халық қызметшісі болды. Ұлы даланың шартарабына саңқылдап естілген ұлттың ұранындай, келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, таудың таза кәусарындай «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» дейтін классикалық шығармалары – ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық еді.