Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
30
September
2021

Эссе байқау: «Ұлы далада соғылған қоңыраудың тағылымды үні»

М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мунасаева Р.Н. қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай 9-11-сынып оқушылары арасында «Ұлы далада соғылған қоңыраудың тағылымды үні» тақырыбында эссе байқауын өткізді. 
Байқаудың мақсаты:
•оқушыларға қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметіне қатысты қосымша дүниетанымдық мәлімет беру;
•оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• өзіндік көзқарастарын жүйелі түрде жазуға баулу.Байқауға лицейдің талапты 7 оқушысы қатысып, жоғары шығармашылық қабілеттерін танытты. 
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Өмірбекова Ш.Е. мен пән мұғалімдері өткізілген сайысқа жоғары баға беріп, «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атанған шәкірттердің жұмыстарын атап өтті.