Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » Қоғамдық-гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің кафедрасының айлығы: «А.Байтұрсынұлы: даналыққа тағылымды көзқарас»
12
October
2021

Қоғамдық-гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің кафедрасының айлығы: «А.Байтұрсынұлы: даналыққа тағылымды көзқарас»

Бүгін, 12 қазан 2021 жылы, 9 «А» сыныбында «А.Байтұрсынұлы: даналыққа тағылымды көзқарас» тақырыбында ойталқы өткізілді. 
Ойталқы алаңына ел тарихы мен әдебиетін зердесіне тоқыған лицей оқушыларымен бірге тарих пәнінің мұғалімі Усенова С.С. мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мунасаева Р.Н. шықты. 
◾Пікірталастыру барысында Алаштың ардақты азаматы А.Байтұрсынұлының әдеби, саяси және қоғамдық қызметі талқыланды. 
◾Ойталқының қорытынды кезеңінде қатысушылар тарапынан түйінді пікірлер айтылып, ортақ шешімге келді. 
◾Аталмыш іс-шара оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге оң ықпалын тигізді.

Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мунасаева Рая Нуровна