Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
16
August
2024

Қалалық тамыз саммиті

16.08.2024ж. күні  Республика сарайында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» атты Алматы қаласы педагогтерінің қалалық тамыз саммитіне Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің ұстаздары қатысты.

Саммитке 2500-ден астам білім саласының қызметкерлері, Қазақстандық және Халықаралық сарапшылар, оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрия Ниязова қатысты. 
Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай, Білім министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры Абай Бану Нарбекова да қатысты.
Арнайы қонақ ретінде елімізге танымал ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстанның Еңбек ері» атағы мен «Отан» орденінің иегері Аягүл Миразова болды.
Саммитке қатысушылар мен қонақтарды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтап, сонымен қатар ұстаздарды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады.