Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды
16
August
2024

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды

16.08.2024ж. күні «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» атты Алматы қаласының педагогтерінің тамыз форумында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
👏🏻👏🏻👏🏻
Құттықтаймыз!!!
💐💐💐

Құрметті Кульжан Сауытовна!
Сізге білім беру саласындағы жауапты және маңызды қызметіңізде табыс тілейміз. Сіздің көшбасшылық қабілетіңіз бен ұйымшылдық шеберлігіңіз арқасында мектебіміз үлкен жетістіктерге жетіп, оқушыларымыздың болашағы жарқын болатынына сенеміз.

Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, және алдағы уақытта да жаңа белестерге жетуіңізді тілейміз. Сіздің даналығыңыз бен ұстанымыңыз білім ордамыздың ары қарай да дамуына негіз болары сөзсіз.