Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)248-30-40
bookkeeping:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
18
January
2023

Ашық сабақ: «My favourite writer’s biography»

Лицейіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимбекова Халима Пернехановна 7 «Ә» сынып оқушыларымен «My favourite writer’s biography» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тақырып бойынша оқушылар атақты адамдардың қанатты сөздерін талқылай алуы, кітап бөлшектерінің атауы мен қызметін білуі, кітап жанрларын ажырата алуы және қазақ және ағылшын жазушыларының өмірбаяны жайлы білуі сабақ мақсаттары болатын.
Сабақ барысында оқушылар жеке, жұпта және топтарда жұмыс жасай отырып, берілген тапсырмаларды орындап шықты. Сабақ оңайдан қиынға қағидасын қатаң сақтай отырып өткізілді. Оқушылар тиімді тапсырмалар орындау арқылы өздерінің айтылым, тыңдалым, жазылым бойынша дағдыларының дәрежелерін көрсетті. Қызық тақырып саналған сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды. Сабақ соңында оқушылар бір-біріне қызықты кітаптар сыйға тартты.